Skip to content

«Есеп және уадит» мамандығы бойынша пәні бойынша оқытушы – 720 сағат

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

 

  1. “Ertis” жоғары инновациялық аграрлық колледжі ” КМҚК

1409090, Павлодар облысы, Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 26. Тел. 8(718 45) 53252, 8(718 45) 53002, e.mai:  hiacertis@yandex.kz

  1. «Есеп және уадит» мамандығы бойынша пәні бойынша оқытушы – 720 сағат.
  2. Арнайыпәндер оқытушысының біліктілік талаптары:

Оқу және оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастырады және жүргізеді.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады.

Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі.

Оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады.

Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді.

Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады.

Арнайы пәндер оқытушысының біліктілік талаптары:оқытушысы:

күн сайын оқу процесінің кестесі мен сабақ кестесіне сәйкес әзірлейді / жүргізеді:

1) оқу сабағының жоспары (теориялық немесе өндірістік оқыту) (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында);

2) теориялық оқытуды есепке алу журналы, жеке сабақтарды есепке алу журналы, өндірістік оқытуды есепке алу журналы (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында).

кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша білім алушыларды аралық аттестаттау/ білім алушыларды аралық аттестаттау кезінде толтырады:

1) емтихан ведомосы (автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен қағаз немесе электрондық форматта);

2) емтихан ведомосы (білім алушыларды кредиттік және (немесе) модульдік оқыту технологиясы бойынша аралық аттестаттау үшін) (автоматтандырылған жүйеден шығару жолымен қағаз немесе электрондық форматта).

жылына бір рет оқу жылының басында:

пән/модуль/ өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша оқу жұмыс бағдарламасы (қағаз немесе электрондық word немесе pdf форматында).

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелерінің талаптарын орындайды.

Білу керек:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының “Білім туралы”, “Педагог мәртебесі туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”заңдары;

білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілер;

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

Педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі және жұмыс стажына талап қойылмай, кәсіби қайта даярлаудан өтуі;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін-кемінде 2 жыл, педагог – сарапшы үшін-кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл, педагог-шебер үшін-5 жыл.

Кәсіби құзыреттерді айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар талаптар:

1) педагог:

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыру және оны әлеуметтендіру;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асырады;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

2) педагог-модератор:

“педагог-модератор” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) педагог-сарапшы:

“педагог- сарапшы” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру,

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын сындарлы айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) педагог-зерттеуші:

“педагог- зерттеуші” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс сондай-ақ:

Сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын сындарлы айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және Астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) педагог-шебер:

“педагог- шебері” біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес келуі тиіс сондай-ақ:

облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

  1. Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2025 жылғы 26 тамызға дейін.
  2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) “Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

12) осы Қағидаларға 1718-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.